«Еңбек етсең ерінбей...» атты кітапханалық журфикс өтті

С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы 13 қыркүйекте еңбек күніне орай «Еңбек етсең ерінбей...» атты кітапханалық журфикс өткізді. Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінде өткізілген шараның мақсаты - жастардың еңбек түрлері туралы білімдерін кеңейту, еңбексүйгіштікке, үнемді болуға тәрбиелеу.
Кітапхана қызметкері жастарға еңбек етудің зор маңызын түсіндірді. Шара барысында колледж студенттері мен оқытушылары еңбек туралы мақал айтудан жарысып, «Еңбек түбі береке» атты кітап көрмесімен танысты. Қатысушыларға «Еңбек мұратқа жеткізер» слайды көрсетілді.