Расул Ғамзатовтың 95-жылдығына арналған поэзия кеші

Дағыстанның халық ақыны Расул Ғамзатовтың 95 жылдығына орай 12 қыркүйек күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Расул Гамзатов – певец добра и человечности» атты поэзия кешін ұйымдастырды. Шара «Литература без границ» жобасы аясында өткізілді.
Ақын жырлары замандастарының ешқайсысына ұқсамайтын даралығымен құнды. Оның туындыларынан нәзіктік пен мөлдір мұң, тау суының сарынындай өршіл де сырлы сарын еседі.Поэзия кешіне Ақтөбе облыстық Дағыстан халықтарының «Дағыстан» этномәдени қоғамының төрағасы Д.М.Омаров, ақын Г.А.Қуанышева, «Актюбинский вестник» облыстық газетінің тілшісі Т.Виноградова және орта білім беру мекемелерінің оқытушылары қатысып, мәңгі өлмес жырымен із қалдырған ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ой толғап, жылы лебіздерін білдірді.
Кеште бөлім меңгерушісі Р.Қарағұлова «Вся жизнь моя – в моих стихах» атты кітап көрмесімен таныстырып, автоматтандыру бөлімінің қызметкерлері «Расул Гамзатов – певец добра и человечности» атты фото-шежіре слайдын, «Красота Дагестана» бейнематериалдарын көрсетті.