Облыстық арнаулы кітапханадағы танымдық сағат

12 қыркүйекте Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасында Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде «Отбасы – ұлттың тірегі» атты танымдық сағат өтті. Бұл шараның мақсаты - оқырмандарға отбасының адамзаттың аса қасиетті алтын бесігі екендігін түсіндіру, отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Танымдық сағат «Отбасы дегеніміз не?» деген жалпы сұрақтан басталып, «Отбасы – тәрбие бастауы» тақырыбында пікір алмасумен жалғасты. Әсіресе, жеке пікір білдіру кезінде оқырмандар белсенділік танытты. Кеш ән шашу мен мерекелік дастарханға ұласты. Оқырмандар шара соңынан кітапхана ұжымына алғыстарын білдірді.