Арнаулы кітапханада отбасы күніне арнап шара өтті

Отбасы – адамзаттың алтын ұясы, түп қазығы. Отбасылық құндылықтарды дәріптеу мақсатында 7 тамызда Ақтөбе облыстық арнаулы кітапханасының оқу залында «Өнегелі отбасы – мемлекет тірегі» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Отбасы күніне арналған көрмеге тақырыпқа орай кітаптар, мерзімді басылымдар беттеріндегі мақалалар және аудиокітаптар, CD дискілер қойылды. Кітапханаға келген оқырмандарға библиографиялық шолу жасалынды. Оқырмандар шара соңында кітапхана ұжымына алғыстарын білдірді.