Облыстық архивте жаңа құрылғы орнатылды

«Цифрлық Қазақстан» жобасы адам өмірінің барлық салаларын қамти отырып, еліміздің әрбір тұрғынының өмір деңгейін жоғарылатуды көздейді. Аталған жоба бойынша 7 қыркүйекте Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің бас ғимаратында А2+ форматындағы планетарлық сканер құрылғысының тұсаукесер-семинары өтті. Құрылғы архив сақтауындағы кітаптар мен құжаттарды электронды сандық нұсқаға көшіруге мүмкіндік береді. Семинарға кітапхана, музей және архив қызметкерлері қатысты. Сканер құрылғысын «Argentum.kz» ЖШС-нің техникалық директоры Олег Владимирович өзі таныстырып, құжаттарды көшірмеле мәселелерін қатысушылармен талдады. Өз кезегінде архив қызметкерлері сканер құрылғысымен жұмыс жасау тәсілдерін көрсетті. Жаңа технологияларды тиімді пайдалану арқылы аса құнды архивтік құжаттарды іріктеу және жүйелеу, алдағы уақытта жоғары сапалы қызметтерді ұсынуға мүмкіндік беретіндігін айтты. Шарада облыстық мемлекеттік архивтің 95 жылдығына арналған көрме қойылды.