Ескерткіштердің ең үздік эскиздік жобасына байқау жарияланды

Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы мен Ақтөбе қаласының әкімдігі Ақтөбе қаласында орнатылатын аса көрнекті қолбасшы, әмір Жалаңтөс Баһадүр Сейітқұлұлының, Алтын Орда билеушіле-рінің бірі Едіге бидің, еліміздің әнұранының авторы, композитор Шәмші Қалдаяқовтың, аса көрнекті қолбасшы Кеңес Одағының Батыры, жазушы Бауыржан Момышұлы ескерткіштерінің ең үздік эскиздік жобасына шығармашылық байқау жариялайды.
Байқаудың мақсаты – белгілі тұлғалардың бейнесін ашатын, аса мәнерлі мүсіндік көркемдік туындыны дүниеге әкелу. Ұсынылған жобалар жоғары идеялық және сәулеттік-көркемдік деңгейде орындалуы тиіс. Байқауға Қазақстан қалаларының көркемдік-өндірістік шеберханалары, шығармашылық одақтар, заңды және жеке тұлғалар қатыса алады.
Байқаудың жобалық ұсыныстарының тізілімі мен басқа талаптарын Ақтөбе облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасынан алуға болады.
Байқауға қатысуға өтініш хабарлама жарияланғаннан бері 20 күнтізбелік күн ішінде конверт түрінде Ақтөбе облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының келесі мекен-жайы бойынша қабылданады: 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40.
Байланыс телефондары: 8 (7132) 54-55-20