«Алтын арқау – Ата Заң» атты шығармашылық байқау

2018 жылғы 28 тамыз күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығымен бірлесе 30 тамыз Конституция күніне орай «Алтын арқау – Ата Заң» атты шығармашылық байқау өткізді.
Байқаудың мақсаты: Жас ұрапқты Ата Заңды білуге, құрметтеуге насихаттау арқылы патриоттық сезімдерін ояту. Өлкелік әдебиет өкілдерін білуге, өлеңді сүюге, мәнерлеп оқуға машықтандыру.
Сайысқа қатысушылар танымал ақындардың бірінің патриоттық тақырыптағы бір өлеңін немесе фольклорлық жанрдағы дастандар, толғаулардан да үзінді оқыды. Ақтөбе өңірінен шыққан белгілі ақындардың шығармашылығынан бір өлең оқып, блиц сұрақтарға жауап берді.
Әділ қазылар құрамында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Мемлекеттік рәміздер бойынша облыстық комиссияның мүшесі Е.Құрманбек, үкіметтік емес ұйымдар қауымдастығының президенті А.Дюсенова, «Ер бақыт» әскери патриоттық клубының төрағасы Нұрлан Айтбаев және кітапхана директоры Г.Калдина қатысушылардың мәнерлеп оқуына, киім үлгісіне, сахналық мәдениетіне басты назар аударды. Үміткерлер диплом және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Тақырыпқа сай слайд көрсетіліп, «Ата Заң - алтын қазынам» атты кітап көрмесі таныстырылды. Шара барысында кітапхана оқырмандары патриоттық әндер шырқады.