Оқушыларға Ата Заңның маңызы түсіндірілді

Ата Заңның қасиетін, өз құқықтарын және заң баптарын оқушыларға түсіндіріп, құқықтық ережелерді бойларына сіңіру мақсатында Конституция күніне орай 27 тамыз күні «Ата заңым ардақты» атты интерактивтік танымдық лекция өткізілді. Шара Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде ұйымдастырылды.
Кездесуге қалалық жас туристер стансасының оқушылары қатысты. Шара барысында Қазақстан Республикасының әнұраны шырқалды. Музей қызметкері әрбір азамат өзінің құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін заң нормаларын пайдалана алу керектігін, азаматтық жауапкершілікті сезіну - әрбір азаматтың борышы екендігін айтып өтті. Танымдық шарада тақырыпқа қатысты сұрақтар қойылып, интерактивті ойындар ұйымдастырылды.