Ақын Нұфтолла Шакеновке арналған көрме өтті

Халық арасында кең таралған әндердің авторы, дарынды сазгер Нұфтолла Шакеновтың 90 жылдығына орай 9 тамыз күні «Әні мен жыры үндескен» атты кітап көрмесі өтті. Шара С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында ақынның шығармашылығымен таныстыру, ақын өлеңдері арқылы Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Бөлім меңгерушісі Бултекова Ләззат шараға қатысушыларға ақынның өмір жолы мен шығармашылығы туралы мәлімет бере отырып, Нұтфолла Шәкеновтың оңдаған очерк, мақала, өлеңдер жазғандығын айтып өтті.
Ұйымдастырылған кітап көрмесінде қаламгердің шығармалары және ол туралы жазылған кітаптар, баспасөз мақалалары қойылды. Шара барысында Сұлтанбекова Лаура мен Көшербайқызы Ақниет «Отан таңы», «Бам гүлдері» өлеңін оқыды. Шараға кітапханашылар мен оқырмандар қатысты.