Жастарға салауатты өмір салты насихатталды

7 тамыз күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Жаман әдеттен аулақ бол!» атты пайдалы кеңес сағаты өтті. Шара салауатты өмір салтын ұстануға, спортпен шұғылдануға, жасөспірімдерді зиянды әдеттерден бойларын аулақ ұстауға шақыруға бағытталған.
Кеңес сағатын кітапханашы Қайнақаева Азатгүл жүргізіп, темекі, арақ, есірткіге құмарлық, өтірік айту, ұрлық жасау және т.б. жаман әдеттер жөнінде мәлімет берді. Әр адамның жақсы өмір сүруі үшін ең алдымен денсаулық қажет. Сондықтан да өскелең жас ұрпақ бойларын жаман әдеттерден аулақ ұстап, салауатты өмір салтын ұстаған жөн екенін екшелей түсіндірді. Шараға қатысушылар тақырыпқа сай слайд пен бейне ролик тамашалап, өз ойларымен бөлісті. Кітапханада «Жаман әдеттен аулақ бол!» атты кітап көрмесі әзірленіп, А.Әлімжановтың, С.Байниетованың «Нашақорлық - қасірет», Б.Төтенайдың «Дене тәрбиесі», Р.И.Воробюевтің «Питание и здоровье», «Апатқа апарар үш індет» т.б кітаптары және әр жылдары баспасөз беттерінде жарияланған мақалалар қойылды. Көрмеге Бултекова Ләззат библиографиялық шолу жасады.