Балабақшадағы ертегі оқу шарасы

Балабақша жасындағы балаларға ертегі оқу, танымдық ойындар өткізу олардың ой-өрісін кеңейтіп, санасын жетілдіре түспек. Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері 3 тамыз күні «Назерке» балабақшасының бүлдіршіндеріне «Піл мен маймыл» ертегісін оқып берді. Балалар табиғат туралы жұмбақтар шешіп, «Кішкентайлар мен ақылдыларға» атты кітап көрмесі арқылы жануарлар әлеміне саяхат жасады. Бүлдіршіндер алдағы уақытта осындай шаралардың жиі өткізіліп тұруын қалайтындықтарын білдірді.