Бүлдіршіндерге арнап ертегі оқылды

Ертегі арқылы баланың көкжиек танымын кеңейту мақсатында 31 шілде күні «Балдаурен» балабақшасының бүлдіршіндеріне арнап Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасының қызметкерлері «Кел, оқиық, бүлдіршін!» дауыстап оқу шарасын өткізді. Балалар В.Сутеевтің «Три котенка» ертегісін тыңдап, «Әжемнің ертегілері» кітап көрмесі арқылы ертегілер әлеміне саяхат жасады. Шараға қатысқан бүлдіршіндердің қуанышында шек болмады. Кітапхана қызметкерлері мұндай қызықты іс-шараларды жиі ұйымдастыруды жоспарлап отыр.