Бар жақсылық - балаларға!

Мүмкіндігі шектеулі балаларға куаныш сыйлау, мейірімділік пен сүйіспеншілікті, отбасы құндылығын арттыру мақсатында 25 шілде күні «Ғажап» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігінде «Жазғы жайлау» жылжымалы кітапханасы ұйымдастырылды. Мұндай бастаманы Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы қызметкерлері қолға алып отыр.
Өткізілген шарада балалар жаңа кітаптармен және балаларға арналған танымдық журналдармен танысты. Сонымен қатар, «Қасқыр мен жеті лақ» ертегісін ерекше ынтамен тыңдап, «Кім қалай атайды?» ойынына қатысты. Шара қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады. Кітапханадан қуана шыққан жас оқырмандар кітапхана қызметкерлеріне ризашылықтарын білдіруді ұмытпады.
Осындай игі бастаманы қолға алған кітапхана ұжымы мұндай іс-шараларды алдағы уақытта жиі ұйымдастыруды жоспарлауда.