Жазғы лагерьдегі оқырмандар конференциясы

Ағымдағы жылдың 24 шілдесінде «Ақбөбек-Восток» жазғы демалыс лагерінде «Біз кітаппен біргеміз» жылжымалы кітапханасы ұйымдастырылды. Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы жалғастырып отырған шарада белгілі жазушы Бибігүл Иманғазының «Тауқымет» романы бойынша оқырмандар конференциясы өткізілді. Роман сюжеті оқырманды шынайылығымен, тілінің жеңілдігімен, тереңдігімен баурап алады. Лагерь демалушылары шығармадан түйген ойларын тебірене жеткізді. Қатысушылар ақын Ертай Ашықбаев пен Иран-Ғайыптың «Бибі-Ана» атты өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Жазушының шығармашылығына арналған «Кітап. Тағдыр. Тауқымет» кітап көрмесі жасақталып, оқырмандар жазушының өзге де шығармаларымен танысты.