Қажымұқан Мұңайтпасов туралы мәліметтер ұсынды

2018 жылғы 10 шілде күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Қ.Мұңайтпасовтың туғанына 147 жыл толуына орай «Күш атасы - Қажымұқан» тақырыбында ұлттық ойын өтті.
Мақсаты: Қажымұқан Мұңайтпасұлының өмірімен таныстыру, шыдамдылыққа, басқаға жақсылық жасауға, қайырымды, әділ болуға тәрбиелеу.
Қажымұқан Мұңайтпасовпен кездескен адамдар айтып жүрген аңыз-әңгімелер де аз емес. Жастайынан ел арасында қазақша күреске қатысып, «бала палуан» атанған.
Шараға мектеп жанындағы лагерьдің оқушылары қатысты. Олар екі топқа бөлініп, «Күш сынаспақ», «Хан талапай», «Арқан тарту» ойындарын ойнады. Кітапхана қызметкерлері аты аңызға айналған Қажымұқан Мұңайтпасов жа­йында көптеген естеліктер, көркем фильм, хроникалық киноленталар бар екенін айтып, «Күш атасы Қажымұқан» атты кітап көрмесіне шолу жасады.