Астананың 20 жылдығына арналған дауыстап оқу

5 шілде күні Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасы ҚСҚ жанындағы оқу-өндірістік кәсіпорындырының цехында Астана қаласының 20 жылдығына орай «Бірлікке бастаған байрақты Астанам» тақырыбында дауыстап оқу шарасын өткізді. Шара қалалық зағиптар қоғамы мәдениет үйінде өткен кешпен жалғасты.
Мақсаты: тәуелсіз Қазақстанның астанасы-әлем таныған Астанамызды, жастарымызды болашаққа бастайтын, өнер, білім мен мәдениеттің, ғылымның ордасына айналған бас қаламыздың қол жеткізген жетістіктерін насихаттау.
Ең алдымен мерекелік шараға жиналған көзі көрмейтін және нашар көретін оқырмандарға «Ару қала, асқақ орда Астана» атты кітап көрмесінің таныстырылымы ұйымдастырылды.
Кеш қонақтары Астананың 20 жылда қол жеткізген жетістіктерімен және кітапхана ұжымының «Ел жүрегі - Астана» тақырыбында дайындаған көрмесі мен «Имя её - Астана» тақырыбындағы ерекше жандарға арналған шағын кітап жөнінде өз ойларымен бөлісіті. Мерекелік кешке тарту ретінде кітапханашы М. Тулегенов Елорда туралы әсем әндер шырқады.