Астананың 20 жылдығына тұңғыш рет мюзикл қойылды

Өңірде Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған шаралар 2017 жылдың 10 желтоқсанында Өнер орталығында бастау алды. Сол күні "Елімнің жүрегі - Астана" деген атаумен жастар форумы өтіп, "Мұзарт" тобының 2 күндік концерті ұйымдастырылды. Облыс әкімдігінің қолдауымен облыстың белгілі шығармашылық ұжымдары Ресей, Түркия, Үндістан, Италия елдерінде конкурс-фестивальдерге қатысып, өнер көрсетті. Орынбор облысының шекаралас 5 ауданында, «Астана - арман қала» тақырыбында мәдени шаралар, Нөкіс қаласында екі елдің шығармашылық ұжымдарының «Ақтөбе – Нөкіс: ағайындық пен өзара қарым-қатынас тарихы» атты бірлескен концерті ұйымдастырылды.
Астананың 20 жылдығына орай өңірлерде «Астана күндерін» өткізу шаралары Ақтөбе облысында бастау алып, «Елордадан елге сәлем» тақырыбымен мерекелік концерттер, қойылымдар ұсынылды.
2018 жылғы 25 маусымда құрамына мәдениет және өнер қайраткерлері мен өңірдің белсенді жастары бар автокеруеннің жұмысы «Құтты мекен Ақтөбеден – арайлы Астанаға» деген атаумен Ақтөбе қаласында салтанатты мерекелік шарамен басталды. Автокеруен 25 маусым – 1 шілде аралығында Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды облыстарының орталықтары мен 11 елді мекені арқылы жүріп өтті. Автокеруен мүшелері елді мекендерде тұрғындарға арналған концерттік бағдарламалар, жастар іс-шараларын ұйымдастырып, Астананың 20 жылдығының маңыздылығы туралы сөз сөйледі, 20 жылдыққа арналған түрлі сувенирлер (логотипті бейсболкалар, кружка, футболка, кітаптар т.б.) таратылды. Барлығы 5170 км құрайтын автокеруен 1 шілде күні Астана қаласында болып, қорытынды мерекелік концерттік шараны ұйымдастырды.
7 шілде күні басталған «Туған жерім-нұрлы елім» Ақтөбе аудандарының мәдени күндері де Астана қаласының 20 жылдығы аясында ұйымдастырылуда. Сондай-ақ өңірде "Астана - болашақ бастауы" тақырыбымен мәдени іс-шаралар кешені басталды.
30 маусым - 6 шілде аралығында Ақтөбе облысында "Plain Air" көркемсурет симпозиумы өтіп, үздік туындылар көрмеге шығарылды. Симпозиумға Башқұртстан, Татарстан, Өзбекстан Республикаларынан, Ресей Федерациясының, Қазақстан Республикасының бірнеше қалаларынан 20 кәсіби суретші қатысты. Шара барысында суретшілер қала пейзаждарын бейнелеп, кенеп бетіне түсірді. Симпозиумның қорытындысы бойынша 5 шілде күні өнер орталығында, Тұңғыш Президент атындағы саябақта көрме жұмыс істеді.
Шілдеде "Ән-ғұмыр" ретро әндердің республикалық фестивалі, "Дала аккорды - Степной аккорд" бард әндерін орындаушылардың халықаралық фестивалі, тамыз айында - «Жібек жолы» республикалық эстрадалық әншілер конкурсы да осы мерейтой шеңберінде өтпек.
Астананың 20 жылдығына орай 5 шілде күні сағат 17.00-де облыс әкімінің қатысуымен Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта салтанатты шара өтіп, еліміздің өркендеуіне ерекше үлес қосып жүрген ақтөбеліктер мерейтойлық медальдармен марапатталды. Ресми шарадан кейін Елорданың мерейтойлық датасына орай ҚР мәдениет және спорт министрлігі Жамбыл атындағы қазақ мемлекеттік филармониясының Мемлекеттік үрмелі аспаптар оркестрінің концерті өңір тұрғындарын ерекше сый ретінде ұсынылды.
Астананың туған күні, 6 шілдеде өткен мерекелік шараларға тоқталсақ, бұл күні облыс орталығының ашық алаңдарында сағат 11.00-де басталған мерекелік шара түнгі 23.00-ге дейін жалғасты.
Қаланың 6 алаңында (орталық, А.Пушкин атындағы, Ретро саябақтары, Керуен сити, Шығармашылық академиясы, Металлургтер МҮ) "Астана-жастықтың, ізгіліктің символы", "Еуразия айтөресі - Астана!", "Астанам, туған күніңмен!" тақырыптарында мерекелік концерттер, асфальтта сурет салу, биатлоннан эстафета, "Мультиертегі" қойылымы ұйымдастырылды.
Негізгі шара Тұңғыш Президент атындағы орталық саябақта өтті. Астананың нағыз туған күнінде мәдени іс-шаралар легі толастамады. Авиагородок саябағында Биатлоннан эстафета, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында «Беу, қыздар-ай» атты спектакль , ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағында «Ризамын саған, Астана!» атты мерекелік бағдарлама, «Pleіn Air Aktobe» халықаралық кескіндеме симпозиумының көрмесі, кітап көрмелері қалалықтарға ерекші көңіл күй сыйлады. Ал ең басты жаңалық - облыстық драма театры, облыстық филармония әртістерінің күшімен дайындалған "Астана - махаббатым мәңгілік" мюзиклінің премьерасы болды. Екі жастың арасындағы іңкәрлік сезімін суреттейтін мюзикл тұңғыш рет қойылды.
"Әнім сенсің, Астана!" байқауының Гала-концертімен жалғасқан шара мерекелік отшашумен өз мәресіне жетті.