Астана күніне арналған кітап көрмесі

2018 жылдың 5 шілдесінде С. Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Астана қаласының 20 жылдығына орай «Астана – байтақ елдің жүрегі», «Ғажайып кітаптар әлемі» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Мақсаты: Елордамыздың 20 жыл ішінде даму жолдары мен тарихи кезеңдерін насихаттау арқылы Астананың абыройын асқақтату.
Көрмеде Астана туралы фотосурет, елорданың өткені мен бүгінінен сыр шертетін туындылар, Астананың қазіргі келбетін баяндайтын мол әдебиеттер, әдістемеліктер, дискілер және «Ғажайып кітаптар әлемі» кітап көрмесіне «Менің ғажайып ертегім», «Қызыл телпек» ертегісі, Г.Әшірбаеваның «Ең әдемі гүл» т.б. кітаптар қойылды. Кітапхана қызметкері Шамеденова Бибігүл көрмеге библиографиялық шолу жүргізді. «Астана тарихы – ел тарихы» атты бейне-слайд көрсетілді.
Шараға кітапхана оқырмандары мен жасөспірімдер қатысты. Кітап көрмесі 6 шілдеге дейін жалғасын табады.