Домбыра күніне арналған әдеби сазды сағат

29 маусым күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және Ұлттық домбыра күні аясында «Ұлы дала дүбірі, домбыраның күмбірі» атты әдеби сазды сағаты өтті.
Мақсаты: жас ұрпақты халқымыздың аса қасиетті дүниесі домбырасын, өз ұлтының өнерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Шара барысында кітапханашы Бултекова Лаззат қазақ халқы үшін домбыраның орны ерекше, қасиетті аспап екендігін және адамның көңіл күйі күмбірлеген күйде көрініс табатынын атап өтті. Сонымен қатар шараға А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі студенті Н.Құлман қатысып, Ғ.Құрманғалиевтің «Әнші дауысы», «Сыпыра жыраудың термесін» тамылжыта орындап берді.
«Күй ойнайды қазағымның қанында...» тақырыбында кітап көрмесі жасақталып, көрмеге Кошанова Шынар библиографиялық шолу жасады. Шараға қатысушылар домбыра үйрену туралы бейнебаян мен «Домбыра – асыл мұра» слайдын тамашалады.