Көшпелі кітапхана өз жұмысын жалғастырды

2018 жылғы 3 шілдеде Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Ақбөбек-Восток» жазғы демалыс лагерінде «Біз кітаппен біргеміз» тақырыбымен көшпелі кітапхана өз жұмысын жалғастырды. Әр облыстан келген лагерь демалушылары өздері оқыған Б.Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа», Ш.Айтматовтың «Ақ кеме», «Қызыл алма», М.Әуезовтың «Көксерек», Ә.Нұршайықовтың «Мәңгілік махаббат жыры», А.Устинованың «Загадка», С.Самаровтың «Спецназ» кітаптары бойынша өзара пікір алмасты.