Түзету мекемесінде мерзімді басылымдарға шолу жасалды

2018 жылдың 27 маусымында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты КА 168/3 түзету мекемесінде «Баспасөз – өмір айнасы» тақырыбымен мерзімді басылымдарға шолу жасады.
Мерзімді басылымдар бөлімінің кітапханашысы Ш.Қошанова кітапханаға келіп түсетін барлық мерзімді газет-журналдармен жеке таныстырып, халықты рухани жағынан байытып, ел мен елдің арасын байланыстыратын, достық қарым-қатынасты орнатудың жаршысы болып табылатын газет-журналдар оқуға шақырды.
Аталмыш мекеменің кітапханасына жылына екі рет «Оқы және өзгеге ұсын» акциясы бойынша жыл сайын 200-ге жуық кітап беріліп тұрады. Осы үрдіс биыл да жалғасын тауып, түзету мекемесіне кітапханадан 100-ден аса кітап сыйға тартылды.