Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған лирикалық кеш

2018 жылғы 22 маусым күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі жанындағы демалыс лагерінде ақын Мағжан Жұмабаевтың туғанына 125 жыл толуына арналған «Сезім лирикасының бас ақыны» атты лирикалық кеш өткізді.
Мақсаты: поэзия әлеміндегі сыршылдығымен, суретшілігімен, сөзге торғындай үлбіреген нәзік үнді күйімен, шерлі, мұңды зарымен күшті ақын Мағжан Жұмабаевтың өлеңдерін өнеге ете отырып, оқушыларды айбаттылыққа, қайсарлыққа, өжеттілікке тәрбиелеу.
Шара барысында Мағжан Жұмабаевтың өмірі мен қоғамдағы қызметі туралы айтылып, ақынның лирикалық өлеңдері оқылды.