Дыбыс режиссеріне арналған біліктілігін арттыру курсы өтті

2018 жылғы 18-20 маусым аралығында Облыстық халық шығармашылығы орталығында «Дыбыс режиссері» курсы өтті.
Курсқа Әйтеке би, Темір, Мұғалжар, Қобда, Ырғыз аудандары мен Ақтөбе қаласы және А.Жұбанов атындағы музыка колледжінен дыбыс операторлары қатысты.
Лекциялық және практикалық сабақтарды жүргізуге осы саланың кәсіби мамандары Сәкен Еркеғұлов пен Ербол Айтбаев шақырылды.
Оқу барысында дыбыс режиссерлықтың теориясы мен практикалық әдістері, тыңдаушылар мен көрермендердің дыбыстарды қабылдауы, көпшілік-мәдени шаралар мен концерт кездеріндегі ерекшеліктер туралы айтылды. Сонымен қатар, курсқа қатысушылар өнер орталығында болып, ашық алаңда қойылған музыкалық аппаратуралардың жұмысымен танысты.
Курс соңында қатысушыларға Т.Жүргенов атындағы қазақ ұлттық өнер академиясының мемлекеттік үлгідегі сертификаттары табысталды.