«Ақтөбе жері - қаһармандық дастаны» аттыжылжымалы көрме жабдықталды

18-23 маусым аралығында Батыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасы «Жайықтың қасиетті жерлері» жобасы аясында өлкетанушылардың республикалық форумы ұйымдастырылды.
Форум барысында Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі қорынан «Ақтөбе жері - қаһармандық дастаны» атты жылжымалы көрменің ашылу салтанаты өтті.
Мақсаты: Ақтөбе жерінен шыққан тарихи тұлғалардың өмірі мен саяси қызметін насихаттау.
Көрмеде 100-ге жуық құнды әрі тарихи маңыздылығы жоғары жәдігерлер қойылды.
Көрмені ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің өкілдері, республиканың тарихи-өлкетану музейлерінің ғылыми қызметкерлері, Батыс Қазақстан облысының әкімшілігі мен мәдениет басқармасының қызметкерлері тамашалады.