Ақтөбенің қазақ камералық хоры халықаралық хор музыкасы фестивалінің жеңімпазы атанды

Ақтөбе облысының әкімдігі, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы 22 – 24 маусым күндері Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Жұбановтар әуені – 2018» Халықаралық хор музыкасы фестивалін ұйымдастырды. Қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін салушы, академик Ахмет Қуанұлы Жұбановтың және Қазақстанның, КСРО – ның халық әртісі Ғазиза Жұбанованың шығармашылығын насихаттау мақсатындағы байқауға 7 хор ұжымы қатысты: РФ Санкт-Петербург қаласының «Петербургские серенады» Царскосельский камералық хоры, ҚР Алматы қаласының «Камертон» камералық хоры, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы, Атырау қаласы Д.Нұрпейсова атындағы Халықтық музыка академиясының музыкалық колледжінің аралас хоры, РФ Оренбург қаласы«Орынбор камералық хоры», Қызылорда қаласыМ.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің «Япырай» аралас хоры, РФ Саратов қаласы, А.Шнитке атындағы облыстық филармониясының театр хоры, Ақтөбе облыстық Ғ.Жұбанова атындағы қазақ камералық хоры. Фестиваль барысында А.Жұбанов және Ғ.Жұбанованың ескерткіштерінің алдына гүл шоқтарын қою, баспасөз конференциясы, әділ қазылар алқасының шеберлік кластары өткізілді.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдені 500 000 теңге сыйақымен Ғ.Жұбанова атындағы Ақтөбе облыстық филармониясының қазақ камералық хор ұжымы жеңіп алды. Ал І дәрежелі лауреат және 400 000 тг сыйақыға 2 хор ұжымы : А.Шнитке атындағы облыстық филармониясының театр хоры (Саратов қаласы, РФ), «Петербургские серенады» Царскосельский камералық хоры (Санкт-Петербург, РФ) лайық деп танылды. ІІ дәрежелі лауреат және 300 000 тг сыйақыны 2 хор ұжымы Д.Нұрпейсова атындағы Халықтық музыка академиясының музыкалық колледжінің аралас хоры (Атырау қаласы), «Орынбор камералық хоры» Муниципалды автономдық мекемесі (Оренбург қаласы РФ) өзара бөлісті. ІІІ дәрежелі лауреат және 200 000 теңге көлеміндегі сыйақы 2 хор ұжымына - «Камертон» камералық хоры, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясы (Алматы қаласы) және М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжінің «Япырай» аралас хоры (Қызылорда қаласы) берілді.
Сонымен қатар бірқатар жетекшілер түрлі номинациялармен марапатталды. «Лучшее исполнение произведения А.Жубанова» номинациясы «Қарлығаш» шығармасы бойынша «Орынбор камералық хоры» көркемдік жетекшісі және дирижері Ольга Станиславовна (Оренбург қаласы РФ), «Жалғыз емен» шығармасы бойынша А.Шнитке атындағы облыстық филармониясының театр хорының жетекшісі және дирижері Людмила Алексеевна; «Блестящий дебют» номинациясы бойынша Д.Нұрпейсова атындағы Халықтық музыка академиясының музыкалық колледжінің аралас хор жетекшісі Айбол Баймукатов (Атырау қаласы), «Лучший дирижер» номинациясын «Петербургские серенады» Царскосельский камералық хор жетекшісі Егорь Александрович (Санкт-Петербург, РФ) иеленіп мақтау қағаздарымен марапатталды.