Ақтөбеде «Жұбановтар әуені - 2018» атты Халықаралық хор музыкасы фестивалі өтеді

2018 жылдың 22-24 маусымы аралығында Ақтөбеде Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында қазақ кәсіби музыка өнерінің негізін салушы, академик Ахмет Қуанұлы Жұбановтың және ұлағатты ұстаз, сазгер, Қазақстанның және КСРО-ның халық әртісі Ғазиза Жұбанованың атын мәңгі есте қалдыру мақсатында «Жұбановтар әуені – 2018» халықаралық хор музыкасы фестивалі өтеді.
Фестиваль құрылтайшылары: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі және Ақтөбе облысының әкімдігі, Ақтөбе облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы.
Мақсаты: көпшілікті Қазақстанның, жақын және алыс шет елдердің осы заманғы хор музыкасымен таныстыру, Хор музыкасының әр түрлі ағымдарын және бағыттарын танымал ету, кәсіби машықтанған және хор орындайтын білімі бар таланттарды табу.
Өнер орталығы сахнасында ҚР–ның Атырау, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе қалаларының өнерпаздары мен Ресей Федерациясының Санкт-Петербург, Орынбор, Саратов, Казань қалаларынан келген қатысушылар өз өнерлерін көрсетеді.
Қатысушылардың өнерін бағалауға, қазылар алқасының төрағасы ретінде Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының профессоры және хорды дирижерлеу кафедрасының меңгерушісі Жаманбаев Базарғали Әжіұлы шақырылды. Қазылар алқасы мүшелерінің құрамында орыс жазушысы, музыкант, дирижер Борис Тараканов, А. Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогика университетінің профессоры, мәдениет институты концерттік хордың көркемдік жетекшісі Сергей Екимов, Даугавпилс музыкалық колледжінің хор бөлімшесінің жетекшісі, дирижер, композитор Евгений Устинсков, Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консерваториясы дирижерлеу кафедрасының доценті, дирижер, композитор, аранжировщик Ғалымжан Берекешов бар.
Фестиваль шарты бойынша бағдарламаны орындау 20-25 минуттан аспауы тиіс және қатысушылар Ахмет, Ғазиза Жұбановтардың кемінде бір шығармасын міндетті түрде орындауы керек.
Фестиваль-байқауға 8 хор ұжымы қатысады, Ақтөбенің намысын Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармонияның қазақ камералық хоры қорғайды.
Шараның негізгі бағдарламасы төмендегідей:
22.06.2018 ж. -
10.00-10.30 - Жұбановтар ескерткішіне гүл шоқтарын қою (ескі филармония)
12.00 -12.30 - пресс-конференция
12.30 - 13.00 - халықаралық фестиваль-конкурстың салтанатты түрде ашылуы
15.00-18.00 - байқау
18.30 - фестиваль қатысушыларының гала-концерті
23.06.2018 ж.
11.00-13.00 - қазылар алқасының шеберлік кластары ("Жұбановтар әлемі" мәдени орталығы)
15.00-16.00 - байқаудың жалғасы
17.00-19.00 - халықаралық "Жұбановтар әуені - 2018" байқауының жабылуы, марапаттау рәсімі
Үздік хор ұжымдары, хормейстерлер, концертмейстерлер арнаулы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталады.
Қосымша мәлімет үшін төмендегі мекен-жайға хабарласыңыз:
Қазақстан Республикасы,030007, Ақтөбе қаласы, Әбілхайыр хан даңғылы 90Б
Ғ. Жұбанова атындағы облыстық филармония
Тел: 8 (713-2) 500-541, 505-031, 503-021, 500-543 (факс)