Нөкісте ақтөбелік әншілер өнер көрсетеді

Қазақстандағы Өзбекстан жылына орай екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайту мақсатында 2018 жылдың 21-22 маусымында Ақтөбе облысының әкімі Б.М.Сапарбаевтың Қарақалпақстан Республикасына жұмыс сапары жоспарлануда. Осы шара аясында Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен нөкістіктерге арналған Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония шығармашылық ұжымдарының «Нөкіс – Ақтөбе тарихи тамырластық пен тиімді әріптестік» атты концерт кеші өткізілмек. Бердах атындағы Қарақалпақстан Мемлекеттік музыкалық театры сахнасында «Достық сазы» фольклорлық ансамблі, «Аққу» би ансамблі, ҚР еңбек сіңірген қайраткері М.Айтимов, ҚР мәдениет қайраткері П.Нарман, ҚР Мәдениет саласының үздігі Б.Зейнелов, филармония әншілері өнер көрсетеді.