Лагерь оқушыларына арналған шара

2018 жылдың 18 маусымында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында №34 мектеп жанындағы лагерьдің оқушыларымен бірге «Мәдени мұра – ұлттық құндылық» атты видео рандеву өткізді.
Мақсаты: Жастарға патриоттық тәрбие беру, ұлттық құндылықтарымызға үлкен құрметпен қарауға баулу.
Кітапханашы Кошанова Шынар оқырмандар мен оқушыларға қазақ халқының батырлары, қолөнері мен ұлттық құндылықтарымыз жөнінде жан-жақты мағұлмат берді. Жангелдіұлы Жан, Ескендір Мирас, Мажитов Тұрлыхан мақал-мәтелдер айтып, ұлттық ойындар ойнады. Қатысушылар халқымыздың ұлттық құндылықтары туралы «Мәдени мұра – ғасырлар үні» бейнеролигін тамашалады. Сонымен қатар «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жарық көрген «Бабалар сөзі», «Әлемдік әдебиет кітапханасы», «Қазақ әдебиетінің тарихы», «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» т.б кітаптар қойылып, кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Қайнақаева Азатгүл библиографиялық шолу жасады.