«Души прекрасные порывы» атты поэзия марафоны

6 маусым күні С.Бәйішев атындағы ОӘҒК абонемент бөлімінің қызметкерлері орыстың ұлы ақыны А.Пушкиннің 219 жылдығына арналған «Души прекрасные порывы» атты поэзия марафонын ұйымдастырды.
Шара барысында кітапхана оқырмандары А.Пушкиннің «Цыгане», «Анчар», «Я помню чудное мгновенье...», «Дон», «Узник», «Няне», «Храни меня мой талисман», «Письмо Татьяны к Онегину», «Памятник» және т.б. өлеңдерін қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде оқыса, кітапхана қызметкері А.Мұқашева ақын Е.Зікібаевтың «Ақын ескерткіші» арнауын көрермендерге тарту етті.
Сонымен қатар, абонемент бөлімінің меңгерушісі Р.Қарағұлова ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет беріп, көрермендерге «Болдино» атты фото-шежіре слайд, «Звучи, божественная лира!» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу ұсынды. Музыкант, «Славяне» этномәдени орталығының белсенді мүшесі П.Маглели А.С.Пушкиннің өлеңдеріне жазылған «Был и я среди донцов», «Лиле», «Я памятник воздвиг нерукотворный» атты әндерін тарту етті.
Шара сонында Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Оборотова ұйымдастырушыларға ризашылығын білдіріп, ақынның мол мұрасынан ляззат алуға шақырды.