«Жұртым» деп өткен Жүргенов...» тақырыбындағы лекция-концерт өтті

2018 жылғы 6 маусым күні облыстық халық шығармашылығы орталығы мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтың 120 жылдығына арналған «Жұртым» деп өткен Жүргенов...» лекция-концертін өткізді.
Мақсаты - мемлекет және қоғам қайраткері Т.Жүргеновтің өмірі мен рухани мұрасын кең көлемде дәріптеу, Орта Азия мен Қазақстанның ғылымы мен білімін, мәдениеті мен өнерін қалыптастырып, дамытудағы еңбек жолын насихаттау.
Лекция-концертке тарихшы-өлкетанушы Бекарыстан Мырзабай, Ырғыз аудандық кітапханасының директоры Марат Мырзағұл, облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Арман Ержанов қатысып, сөз сөйледі.
Кеш барысында мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргенов туралы деректі фильм көрсетіліп, С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы «Қазақ руханиятының жарық жұлдызы» кітап көрмесін ұйымдастырды.
Концертте терме мен музыкалық композицияларды облыстық халық шығармашылығы орталығының әншілері орындады.