Қобыланды батыр мемориалдық кешені

Орналасқан жері: Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Жиренқопа ауылы.
Қысқаша анықтамасы: Мемориалдық кешен Қобыланды батырдың сүйегі қайта жерленген мавзолейден, Даңқ залынан және белгі тастардан тұрады. Төбесінен қарағанда кешен қалқанның үстіне қойылған батырдың дулығасына және жанында жатқан садаққа ұқсайды.
Мавзолейдің негізгі қабырғасы Ресейде жасалған күйдірілген қызыл кірпіштен биіктігі – 7,0 м. жуық 15 үшкіл тіреулер тәрізді қаланып, сыртқы пішіні батырдың дулығасы тәріздес күмбезделген. Оңтүстік-шығыс бетінде биіктігі 5,0 м. кіреберіс-пештақ орналасқан. Мавзолейдің жалпы биіктігі – 17,5 м., диаметрі – 16,0 м. Мавзолейдің сыртындағы жалпы диаметрі – 78,0 м. дөңгелек шеңбер-қалқанды айнала 29 меңгіртастар символы көгілдір түсті шамдалдар кіреберістен оңтүстік шығысқа қарай биіктігі – 2,0 м. қызғылт гранитпен қапталған 20 үшкіл балбал тастар символы орнатылған.
Кешеннің екінші бөлігі мавзолейдің батыс бөлігіндегі жалпы аумағы – 447,0 м2 батырдың садағы бейнелі Даңқ залынан, холлдан және әкімшілік-шаруашылық бөлмелерінен тұрады. Кешенде Қобыланды батырдың қайрақ тасы, сүйегі қайта жерленгенде орнатылған тас белгілер орналасқан. Кешен Жиренқопа ауылының шығысындағы Ұлы Қобда өзенінің бойындағы жалпы аумағы – 2,06 га жерді алып жатыр.