Мемлекеттік рәміздер туралы тақырыптық сағат

2018 жылғы 4 маусым күні Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің ұйымдастыруымен Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті «тарих» факультетінің 2 курс студенттеріне Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау және қолдану жөнінде тақырыптық сағат өткізілді.
Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы түсініктерін нығайту. Рәміздердің пайда болуы мен тарихтағы маңызын насихаттау, құрметтеуге тәрбиелеу.
Шара барысында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздердің тарихы, заң бойынша орналасу тәртібі, рәміздерді құрметтеу бойынша түсінік жұмысы жүргізіліп, тақырыптық көрме ұйымдастырылды.