Облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы фестиваль-байқауы өз мəресіне жетті

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні Қобыланды батыр атындағы орталық стадион алдында Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама, білім басқармалары және «Жастар таңдауы-Ақтөбе» ҚБ-нің ұйымдастыруымен өңірдегі Балалар жылына арналған «Бақытты балалық шақ» облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы фестиваль-байқауының 3 орын иегерлерін марапаттау салтанаты өтті.
«Қазақ еліне мың алғыс" стелласында "Бақытты балалық шақ" облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы фестиваль-байқауының Гран-при иегерлерін облыс əкімі Б.Сапарбаев марапаттап, жеңімпаз өнерпаздарға дипломдар мен 100 мың теңгенің сертификаттарын табыстады.
Міне, өңірдегі Балалар жылына арналған «Бақытты балалық шақ» облыстық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы фестиваль-байқауы өз мəресіне жетті. Фестиваль-байқаудың Гран-при жəне жүлдегерлерін құттықтаймыз.
2018 жылғы 16 сәуір мен 27 мамыр аралығында өткен фестиваль-байқаудың қалалық, аудандық және облыстық іріктеу кезеңдеріне 3500 талантты бала қатысқан болатын.