«Бар мейіріміміз балаларға» атты ойын-сауықтық бағдарлама

2018 жылдың 1 маусымында С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Ғажап» мүгедек қоғамдық бірлестігімен бірлесе «Бақытты бала» жобасы аясында «Бар мейіріміміз балаларға» атты ойын-сауықтық бағдарламасын өткізді.
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, елінің білімді де тәрбиелі азаматы болуға баулу, бір-біріне деген қамқор пейілдерін артыра отырып, достыққа, бірлікке тәрбиелеу.
Адам өміріндегі ең үлкен бақыт - ұрпақ өсіру, бала тәрбиелеу. Бүгінгі бала елдің ертеңі, болашағы, ұлттың жалғасы.
Мереке күніне орай өткізілген кеште "Радуга" тобы ән салып, жасөспірім балалар Жастар биін биледі. Сонымен қатар «Сәт» тобының әншісі Сапарбай Алтыбай өзінің репертуарындағы әндерден попурри орындады. С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері барша балақайларға сыйлықтар таратты.