Ойын-сауық алаңын ұйымдастырды

2018 жылғы 1 маусым күні Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасы «Бақытты балалық шақ» жобасы аясында «Балалар күлкісі – әлемнің көркі» ойын-сауық алаңын ұйымдастырды. Шараның мақсаты – балаларды қорғау күні аясында балаларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
«Мирас», «Жидек» балабақшаларының бүлдіршіндері сүйікті кейіпкерлерімен бірге әдеби саяхат жасап, қызықты ойындарға қатысты.
Кітапхананың белсенді оқырмандары – балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйінің «Алтын Арай» ансамблі, «Мирас», «Жидек» балабақшаларының өнерлі балалары сазды бағдарламасымен мерекелік көңіл күй сыйлады. Шараға қатысқан балаларға кітаптар сыйлыққа ұсынылды.