Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар

2018 жылдың 31 мамырында Ақтөбе облысының мемлекеттік архивінің бас ғимаратында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» кіші жобасын жүзеге асыру аясында «Архив ісін жаңғырту және заманауи тәсілдер» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар өткізілді.
Мақсаты:Елімізді рухани жаңғырту бағытында мемлекет тарихының құжаттық негізін құрайтын архивтердің ролін насихаттау, «Ақпаратты Қазақстан-2020» бағдарламасын жүзеге асыру мәселелерін талқылау
Республикалық ғылыми-тәжірибелік семинар Қазақстан Республикасы Президенті архивінің директоры Жапаров Борис Әлікенұлының, құжаттарды ғылыми-жариялау басқармасының басшысы Чиликова Евгения Викторовнаның, құжаттарды ғылыми жариялау басқармасының бас сарапшысы - Байқаш Жібек Тұрарбекқызының, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ғалым хатшысы - Махаббат Маликқызы Қозыбаеваның қатысуымен өтті. Шараға сондай-ақ Ақтөбе облысының тарихи-өлкетану музейі, мәдениет мекемелерінің өкілдері, Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві, филиалдары мен аудандық мемлекеттік архивтердің басшылары мен қызметкерлері қатысты.
Семинар барысында ҚР Президенті архивінің директоры Б.Жапаров республика бойынша архив құжаттарын электрондық нұсқаға көшіру мәселелерін, электронды құжаттарды сақтау, пайдаланудың заманауи әдістері туралы баяндады, іс жүзінде шеберлік сабағын көрсетті. Құжаттарды ғылыми жариялау басқармасының басшысы - Е. Чиликова, бас сарапшы - Ж.Байқаш Президент архивіндегі архив қызметін жандандыру мақсатында жүргізілетін жұмыс барысымен таныстырды. Архив қызметкерлері әріптестерімен бірлесіп, ақпараттандыру саласы бойынша мәселелерді көтерді және шешу жолдарын талқылады.
Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институты мен Ақтөбе облысының мемлекеттік архиві арасында бірлесе жұмыс жүргізу туралы ынтымақтастық келісімшартына қол қою рәсімі жүргізілді.