Облыстық сурет байқауының жеңімпаздары марапатталды

29 мамыр күні С.Бәйішев атындағы Ақтөбе облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы өнер әдебиеттері бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен Қазақстанның Елордасы - Астананың 20 жылдық мерекесіне орай және «Бақытты бала» жобасы аясында «Астана – шапағаттың шуағындай» атты облыстық сурет байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Сурет байқауына барлығы 157 үміткердің 160 (сурет) жұмысы қабылданып, талдау - сараптама жасалды. Жүлделі орындар мен ынталандыру номинациялары төмендегідей белгіленген болатын.
Бас жүлдеге Уталиева Диляфруз (Қобда орта мектебінің 5 класс оқушысы) лайық деп танылды. І орынды Бақытжан Дәулетхан (Шалқар ауданы, №2 мектеп-гимназиясының 9 «ә» класс оқушысы) жеңіп алды. ІІ орынға Берікова Раушан (Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, №2 орта мектебінің 6 «В» класс оқушысы), Нұрланқызы Ақерке (Ақтөбе қаласы, № 10 мектеп оқушысы) ие болды. ІІІ орынды Турахметова Дана (Ақтөбе қалалық оқушылар Сарайы бейнелеу өнерінің оқушысы), Ерболатқызы Аида (Ақтөбе қаласы, № 53 орта мектебінің 5 класс оқушысы), Сәндібек Ержан (Ырғыз аудандық көркемсурет мектебінің оқушысы) өзара бөлісті. Жеңімпаздар дипломдармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар 10 оқушы ынталандыру сыйлықтары мен Алғыс хаттарға ие болды.
Шара барысында облыстық халық шығармашылық орталығының термешісі Қ.Тобағабылов «Туған жер», «Біздің ауыл тамаша» әндерін орындаса, №9 мектептің 4 класс оқушысы А.Нұрғалиеваның орындауында «Астана», «Мы – дети солнца» әндері шырқалды.
Кітапхана директорының м.а. А.Крымкулова 1 маусым балаларды қорғау күні мерекесімен кішкентай оқырмандарды құттықтап, байқаудың жоғары деңгейде өтуіне өз үлестерін қосқандары үшін рахмет айтты.