Зағип оқырмандардың балаларына экскурсия ұйымдастырды

30 мамыр күні зағиптар және нашар көретін азаматтарға арналған арнаулы кітапхана қызметкерлерінің ұйымдастыруымен кітапхана оқырмандарының балаларына мерекелік тарту ретінде Ақтөбе облыстық планетарийіне саяхат жасалды.
Мақсаты: Балаларға ғаламат жұлдызды аспанның кереметтілігін дәріптейтін қызықты да танымдық дәріс арқылы шаттық көңіл-күй сыйлау.
Ақтөбе облыстық планетарийінің ғылыми қызметкері Г.Есімгүжиева балаларға арнап дәріс оқыды. «Күн қайда жоғалды?» атты бейнефильм көрсетілді. Одан соң балалар жұлдызды аспан көрінісімен танысып, басқа да аспан эффектілерін тамашалады.
Сонымен қатар балаларға кітапхана атынан сыйлықтар берілді. «АЙС - Плюс» ЖШС демеушілік жасап, кадр бөлімінің бастығы А.Дошимова оқырмандарға тәтті йогурттар мен балмұздақтар сыйға тартты. Саяхат соңында ата-аналар балаларға мерекеде осындай шаттық көңіл-күй сыйлағаны үшін ұжымға алғыс білдірді.