«Азалы жылдар ақиқаттары» атты тарихи сағат

30 мамыр күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заңға 25 жыл толуына орай «Азалы жылдар ақиқаттары» атты тарихи сағат өтті.
Мақсаты: Азаттық үшін күрескен қайраткерлердің ерлігін жастарға үлгі етіп, патриоттық рухта тәрбиелеу. Жас ұрпаққа 1927-1953 жж. ақтаңдақтар ақиқатын түсіндіру.
1997 жылғы 31 мамыр – саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Бұл күн Қазақстан үшін айрықша мағынаға ие. Саяси қуғын-сүргін құрбандары ішінде Алаштың арыстары атанған Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы секілді қайраткерлерін халық ешқашан ұмытпайды.
Шарада кітапханашы Хамидуллина Бақтыгүл саяси қуғынға ұшыраған Алаш азаматтары жөнінде ақпарат беріп, оқушылар қазақ ақындарының өлеңдерін оқыды. Қатысушылар «Қазақ қасіреті» атты деректі фильмді тамашалады. «Тарихта қалған тағдырлар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған саяси қуғын-сүргін құрбандары болған алашордашылар және қазақ зиялыларының өкілдері туралы кітаптар мен газет-журналдар қойылды. «Ел тарихы тартқан тауқымет, ұмытылмас қасірет» атты слайд көрсетілді. «Зұлмат жылдар жаңғырығы» деген атпен зиялы қауым өкілдерінің ой-пікірлері жарияланған баспа өнімдерінің көрмесі жасақталды.