Кітапханашылар өткізген өлкетану сабағы

24 мамыр күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы «Алтын өлке» өлкетану клубының мүшелерімен бірге Ақтөбе құрылыс және бизнес колледжінде Ақтөбе қаласының 149 жылдығына орай «Өлке тарихы – адамзат тарихының бір бөлшегі» атты өлкетану сабағын өткізді.
Ақтөбе қаласы 1869 жылы бастап салынды, биыл Ақтөбенің құрылғанына 149 жыл толады. Шара барысында кітапханашы Кошанова Шынар осы жылдар арасында қаламыз неше түрлі қиын жағдайларды өткергенін, яғни ашаршылық, қуғын-сүргін, Ұлы Отан соғысы, тың игеру жылдарындағы тарихы туралы студенттерге мәлімет берді. Сонымен қатар Ақтөбе сонау ықылым заманнан бері өзінің табиғатымен, тарихи ескерткіштерімен ерекшеленген өлке екендігін айтып өтті.
Шараға электромонтаждаушы және программист мамандығының студенттері қатысты. Олар туған жер туралы өлеңдер оқып, сөзжұмбақ шешті және туған жер жөнінде мақал-мәтелдер айтты.
«Өлке тарихы - адамзат тарихының бір бөлшегі» атты кітап көрмесі жасақталып, көрмеге Құрымбаева Лариса библиографиялық шолу жасады. «Ақтөбе тарихы мол айбынды өлке» слайды және «Шежірелі Ақтөбе» деректі фильмі көрсетілді.