Айтыскер ақын Оралбай Кәметияның шығармашылық кеші

«Жұбановтар әлемі» мәдениет орталығында облыстық халық шығармашылығы орталығы танымал ақын, айтыскер Оралбай Кәметияұлының қала күніне арналған «Жүрегімді жылытқан ыстық мекен!» атты айтыс, концертті поэзиялық кешін өткізді. Оралбай Кәметия - танымал айтыскер ақын, облыстық халық шығармашылығы орталығының жас айтыскерлер мектебінің жетекшісі және «Өлең ұйқасының құпиясы» теориялық-әдістемелік оқу құралының, «Қиын емес Р деген» этнологопедиялық әліпбиінің, тағы басқа өлең жинақтарының авторы. Айтыскер ақын көктемнің шуақты күнінде поэзия сүйер қауыммен кездесіп, шығармашылығымен бөлісті. Кешті ҚР мəдениет саласының үздігі Оралбай Қосай Бəйсеңгір жүргізді.
Ақын, айтыскер Оралбай Кəметияұлының Ақтөбе қаласының туған күніне арнаған "Жүрегімді жылытқан, ыстық мекен" айтыс-концертті поэзиялық кешіне мəдениет саласының ардагерлері, қоғам белсенділері, ақынның достары, сазгерлер, шəкірттері, поэзияға құштар көрермендер қатысты. Кештің арнайы қонағы - танымал айтыскер, екі дүркін "Алтын домбыра" иегері Мұхтар Ниязов ақтөбелік ақындармен Құлмамбет айтысқа түсіп, кештің сəнін қыздырды. Айтысқа шәкірттерімен бірге ақын Оралбай Кометия да қосылып, көрерменнің қошеметіне бөленді.
Ақын О.Кометияұлының сөзіне жазылған «Ауылым», «Тәуелсіз елім - Қазақстан», «Ұлы дала», Жансен аға», «Көрікті - Темірім», «Астана – ел жүрегі» əндерін Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония, облыстық халық шығармашылығы орталығының əншілері, Сейсен мен Айнагүл Айтжановтар т.б. достары орындады.