Әдеби сағат

28 мамыр күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы Ақтөбе мұнай және газ колледжінде Нұфтолла Шакеновтың туғанына 90 жыл толуына орай «Өлеңмен бірге туған өзге жанмын» әдеби сағатын өткізді.
Мақсаты: Ақынның өмірі мен шығармашылығымен таныстыру. Студенттерді ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру.
Кітапханашы Шамеденова Бибігүл ақын Нұтфолла Шәкеновтың өмірбаянын студенттерге баяндап берді. Сонымен қатар ақынның алғашқы өлеңдер жинағы «Біздің жыр» 1949 жылы жарық көргенін, бұл кітапқа Отан, еңбек адамдарының ерлік істері жайындағы лирикалық өлеңдер енгендігі туралы мәлімет берді. Нұтфолла Шәкенов «Байкал», «Мен көрген қарындас», «Би алаңы», «Бам гүлдері» және т.б. ондаған очерк, мақала, өлеңдер жазған.
Шарада дене шынықтыру факультетінің студенттері Көптлеуова Раушан, Құсиденов Мадияр мен Ануар Мержан «Қалайша ұмыттың», «Гүл іздедім», «Лицейде» өлеңдерін оқып, Сейлханова Нұрайна, Қосуақов Бауыржан ақынның сөзіне жазылған «Әке толғауы», «Су тасушы қыз» әндерін айтты. Сонымер бірге «Өлеңмен бірге туған өзге жанмын» кітап көрмесі ұйымдастырылып, көрмеге Қайнақаева Азатгүл библиографиялық шолу жасады. Тақырыпқа сай слайд көрсетіліп, «Ән мен жыры үндескен» бейне ролигі тамашаланды. Шараны жастар «Бейбітшілік сақталсын» әнімен аяқтады.