«Назерке» би ұжымының «Сырлы биім – елге сыйым» концерті

2018 жылғы 27 мамырда ҚР Елордасы - Астана қаласының 20 жылдығына жəне Ақтөбе қаласының туған күніне орай облыстық халық шығармашылығы орталығының халықтық "Назерке" би ансамблі көрермендерге "Сырлы биім - елге сыйым" концертін тарту етті. Би ұжымының жетекшісі - А.Қалдыбаева.
Би ұжымының басты мақсаты – қазақтың дәстүрлі биін насихаттап, халыққа жеткізу.
Облыстық халық шығармашылығы орталығының халықтық "Назерке" би ансамблі 2005 жылы құрылды. Құрамы үш топтан тұрады - кіші, орта және ересектер. Бишілер саны -126.
"Сырлы биім - елге сыйым" концертінде ансамбль мүшелері ұлттық және әлем халықтарының билерін әр түрлі стиль мен жанрда орындады.
Концертте облыстық халық шығармашылығы орталығының әншілері Бағдат Балмағамбетова, Нұргүл Рамазанова, «Өркен» тобы, Нұргүл Жұмағұлова ән шырқап, қолдау көрсетті.
Концерттің көрермендері өнерлі би ұжымына қол соғып, қошемет көрсетті, гүл шоқтарын сыйлады.