Репрессия және ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылады

Ақтөбе қаласында 31 мамыр күні Ақтөбе қаласындағы Жеңіс көшесінде Ашаршылық және саяси репрессия құрбандарына арналған (қалалық мәдениет Үйінің ғимараты аумағы) ескерткіш-белгі ашылғалы отыр, жер учаскесінің аумағы - 0,44 га.
Ең үздік ескерткіш-белгінің жобасына республикалық «Айқын» газетіне ашық шығармашылық байқау жарияланып, мүсіншілерден 6 эскиздік жоба ұсынылды.
Таңдап алынған үздік жобалар Қазақстан Республикасында орнатылатын ескерткіштер мен монументтер жөніндегі мемлекеттік комиссия қарауына ұсынылып, мүсінші Құбай Ахмет Құсайнұлының жобасы мақұлданды.
Ескерткіш–белгі қоладан орнатылады, тұғырының (постамент) биіктігі 110 см., мүсіннің биіктігі 240 см., ұзындығы – 12 метр.