«Отбасым – алтын діңгегім» атты мерекелік бағдарлама

2018 жылғы 15 мамыр күні Cазды қалалық мәдениет үйінде Халықаралық отбасы күніне арналған «Отбасым – алтын діңгегім» атты мерекелік бағдарлама өтті. Шараға жас және көпбалалы отбасылар, отбасылық ансамбльдер шақырылды. Қатысушылар отбасы және бала тәрбиесі туралы ой-пікірлерімен бөлісті.
Ауылдық округ әкімі Аслан Мұханбетов көпбалалы Гүлден Жауымбетова мен Гүлайым Жалғасбаеваға «Күміс алқа» төсбелгісін табыстаса, ал Сазды қалалық мәдениет үйінің директоры Жансауле Кемерова Ниязбековтар мен Салмұхановтардың отбасылық ансамбльдеріне, «Шабыт» би ұжымына және оның жетекшісі Әйгерім Жарылғасыноваға, кеш қонақтары халықтық «Сұңқар» вокалдық тобына Алғыс хаттар мен сыйлықтарды табыс етті.