Форумда үздіктер марапатталды

2018 жылғы 17-30 сәуір аралығында облыста «Рухани қазына» фестивалі ауыл, аудан, қала, облыс деңгейінде үш кезеңмен өткізілген болатын. Қорытындысы бойынша мекемелер "Үздік облыстық музей", "Үздік аудандық музей", «Үздік облыстық кітапхана», «Үздік қалалық кітапхана», «Үздік аудандық кітапхана», «Үздік ауылдық кітапхана», «Үздік қалалық мәдениет үйі», «Үздік аудандық мәдениет үйі», «Үздік ауылдық клуб» аталымдарына құжаттар тапсырып, комиссия шешімімен мекемелер мен кәсіпорындардың соңғы 3 жылдағы жетістіктері, материалдық-техникалық базасының жағдайы, негізгі көрсеткіштері, инновациялық технологияларды енгізуі және ақпаратқа қолжетімділікті арттыру критерийлері бойынша үздіктер анықталды.
Мәдениет қызметкерлері арасында «Үздік облыстық музей қызметкері», «Үздік аудандық музей қызметкері», «Үздік облыстық кітапхана қызметкері»,«Үздік қалалық кітапхана қызметкері», «Үздік аудандық кітапхана қызметкері» «Үздік ауылдық кітапхана қызметкері», «Үздік қалалық мәдениет үйі қызметкері», «Үздік аудандық мәдениет үйі қызметкері», «Үздік ауылдық клуб қызметкері» аталымдарына лайықтылар анықталып, Алғыс хатпен және ақшалай сыйлық Сертификаттарымен марапатталады.
Үздік кітапхана, музей мекемелері мен қызметкерлері Астана қаласында 21-22 мамырда Мәдениет және өнер қызметкерлерінің күні өтетін республикалық фестивальге жолдама алды.