«Шығыстың Шыңғысы» атты әдеби-танымдық сағат

2018 жылдың 14 мамыры күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы №47 ЖББО мектебінде Шыңғыс Айтматовтың туғанына 90 жыл толуына орай «Шығыстың Шыңғысы» атты әдеби-танымдық сағат өткізді.
Мақсаты: Қазақ әдебиетіне деген жастардың ынтасын арттыру, Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығымен таныстыру.
Шыңғыс Айтматовтың жас кезінде әкесі мен анасының тәрбиесі мен заман ағысына қарай орыс тіліне, әдебиетіне, балалар әдебиетіне ден қоюы, оның қиялына қанат бітірді. Жазушының «Аспалы көпір», «Жәмила», «Алғашқы ұстаз», «Қош бол, Гүлсары», «Ертегіден соң», «Ерте қайтқан тырналар» тағы басқа әңгіме, повесть жинақтары, «Жанпида», «Боранды бекет» романдары жарық көрді.
Шараға оқушылар белсене араласып отырды. «Шыңғыс Айтматовтың айдыны» атты кітап көрмесі жасақталып, көрмеге кітапханашы Хамидуллина Бақтыгүл библиографиялық шолу жасады. «Адамзаттың Шыңғысы» атты бейне ролик және слайд көрсетілді. Оқушылар жазушының шығармалары туралы өз ойларын айтып, пікірлерін білдіреді. Бисенова Айгерім, Төрехан Сайра Шыңғыс Айтматовтың шығармаларынан қысқаша үзінді оқып берді.