Музейдегі мерекелік кеш

26 сәуір күні Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың облыстық мемориалды музейінде «Елім менің, жарқыраған, жайнаған!» атты «Шатлық» этномәдени бірлестік мүшелерімен мерекелік шара өткізілді.
Мақсаты: Жас ұрпақты қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.
Мерекелік шара барысында 1 мамыр мерекесінің тарихынан мәлімет берілді. Кездесуге шақырылған қонақ ретінде татар этнобірлестігі мүшелері өз дәстүрлері туралы әңгімелеп, өнер көрсетті.
Қатысушыларға №24 мектеп-гимназия оқушылары өздерінің өлеңдерін, ән - билерін, құттықтауларын арнады.
Шара музей директорының қорытынды сөзімен аяқталды.