Өмірқұл Айниязовтың гастролі

Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармонияның қолдауымен 2018 жылдың 2-11 мамыр аралығанда ҚР мәдениет қайраткері «Серпер» сыйлығының иегері, дәстүрлі өнерді насихаттаушы, әнші Өмірқұл Айниязов «Ел үшін туған ел болсаң...» атты концерттік бағдарламамен өңірге келеді. Ақтөбе облысының Хлебодаровка, Мәртөк, Бестамақ, Алға, Қарабұтақ, Әйтеке би, Егінді бұлақ, Ойыл, Шұбаршы, Кенкияқ, Шұбарқұдық, Ақ Кемер, Қандағаш, Құрайлы, Сазды ауылы және Байғанин, Ембі аудандарын аралайды. Ал 7 мамыр күні әнші ақтөбеліктерді Өнер орталығы сахнасында Отан Қорғаушылар күніне арналған концерттік бағдарламасымен қуантады. Концерт барысында халық әндері, жыр, термелермен қатар қазіргі заманғы композиторлардың әндері де орындалады. Концерттік бағдарламаға Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармониясының солистері қатысады.