«Ерліктің жарқын беттері» атты тарихи кеш

2018 жылғы 5 мамыр күні С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасы №36 ОМ-нде КОБ А.Жанұзақов пен М.Колесниковтың туғанына 100 жыл толуына орай «Ерліктің жарқын беттері» атты тарихи кеш өткізді.
Мақсаты - Ұлы Отан соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлердің рухына бас иіп, ардагерлерге құрмет көрсету, туған жерге деген сүйіспеншілігін арттыру. Отанын, елін қорғай білуге, патриоттыққа тәрбиелеу.
Ұлы Отан соғысында мыңдаған ақтөбеліктер де ерлік көрсетті. Ақтөбеде жасақталған 312 атқыштар дивизиясы және 101 ұлттық бригада құрылысы Мәскеу түбінде шайқасты. Ақтөбеліктер Кеңес Одағының батырлары - Ә.Молдағұлованы, А.Жанұзақовты, М.Колесниковты, тағы басқа батырларын мақтаныш тұтады.
Шараға №34 орта мектебінің оқушылары қатысты. «Отты жылдардың шежіресі» атты кітап көрмесі жасақталды. Көрмеге Кошанова Шынар библиографиялық шолу жасады. Оқушылар тақырыпқа сай слайд пен Кеңес Одағының батырлары туралы деректі фильмді тамашалады және батырлар туралы көп мағұлмат алды.